Бас жаңалықтар
11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
11 Қыркүйек 2019, 08:08 195

11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 қыркүйекте ел аумағының солтүстік, орталық және шығысында құбылмалы ауа райы сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, кей жерде жаңбыр, шығыста  күндіз нөсер  жаңбыр жаууы мүмкін. Кей жерде жел күшейіп, тұман түседі, бұршақ түсуі ықтимал. Ал қалған аймақтарда көбінесе күн ашық болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Павлодар облысының кей жерінде түнде тұман, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түсуі ықтимал.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Атырау облысында, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерінде,  Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық