10 күннің ішінде өз аттарына тіркеуі керек – Министр Қазақстандағы ресейлік көліктер туралы айтты
08 Қараша 2021, 12:53 2870

10 күннің ішінде өз аттарына тіркеуі керек – Министр Қазақстандағы ресейлік көліктер туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің кулуарында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елдегі ресейлік көлік иелерінің наразылығына жауап берді.

Бүгінгі күні ресейлік көліктер көлік тұрағына қойылған.

Қазақстанда 80 мыңға жуық ресейлік көлік бар. Бұл көліктің барлығы Ресейден тіркеуден шыққан. Ал біздің азаматтар осы автокөліктерді сатып алған. Енді оны сатып алғаннан кейін Қазақстанның заңы бойынша автокөліктерді азамат 10 күннің ішінде өз атына тіркеуі керек. Бірақ бұл көліктер Ресейден тіркеуден шықса да, Қазақстанда тіркелмеген, – деп айтты министр.

Оның сөзінше, бұл көліктер ешқандай камерада да, есепте де жоқ.

Бүгінгі таңда 1 мыңға жуық осы көліктердің (ресейлік – ред.) қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған. 250 адам қайтыс болды, 1,5 мың адам жарақат болды, – деп айтты Тұрғымбаев.

ІІМ басшысының сөзінше, ел азаматтары ресейлік көліктерін өз аттарына тіркесе мәселе шешіледі.

Бұл техникалық тексерістен өту үшін қажет шара. Бүгінгі күні елдегі ресейлік 80 мың көліктің біреуі де Қазақстан территориясында техникалық тексеруден өтпеген. Техникалық жағдайы жайында ешкім білмейді. Сондықтан қазіргі күні алдын алу шаралары жүргізіліп, азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп түсіндірді ведомство басшысы Мәжілістің кулуарында.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//