Бас жаңалықтар
1 наурызда көктемгі әскери қызметке шақыру басталады – Жүсіпов
26 Ақпан 2021, 12:44 279

1 наурызда көктемгі әскери қызметке шақыру басталады – Жүсіпов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ҚК Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов айтты.

5 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес, осы жылдың 1 наурызынан бастап ел аумағында азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке әскери шақыру іс-шаралары өткізілетін болады. Көктемгі әскери шақыру шараларын осы жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтау жоспарланып отыр, - деді ол. 

Жүсіпов айтқандай, оның барысында ҚК басқа да әскерлерімен әскери құрылымдарының қатарын іскерге шақыруды кейінге қалдыруға негіздері жоқ  18-27 жасқа дейінгі 13,5 мың мерзімді әскери қызметшісі толықтырады. 

Пандемия жағдайында  халықпен тікелей қарым-қатынас жасауды азайту, сондай-ақ көктемгі әскерге шақыру барысында  хабардар ету процесін автоматтандыру мақсатында пилоттық режимде мерзімді әскери қызметке шақырылуға тиісті  әскерге шақырылушыларға SMS-хабарламалар тарату жоспарлануда. Хабарлама жолдау Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 қызметі арқылы жүзеге асырылатын болады.Көктемгі әскерге шақыру барысында  әскерге шақырылушыларға ПТР зерттеуі екі рет жүргізіледі: біріншісі әскерге шақыру кезінде жиын пункттерінде, екіншісі жас буын келген кезде әскери бөлімдерде жүргізіледі. Әскерге шақырылған жас буынды вакцинациялау  қалған жеке құраммен бірге қызмет өткеру орындарында ұйымдастырылатын болады, - деді Жүсіпов.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...