Бас жаңалықтар
1 миллион адамға ыстықты түсіретін дәрі тегін беріледі
20 Қазан 2020, 11:26 163

1 миллион адамға ыстықты түсіретін дәрі тегін беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус диагнозы қойылған пациенттер ПТР талдауының нәтижелеріне қарамастан, қызуды төмендететін дәрілер мен антикоагулянттарды тегін ала алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты.

Цойдың айтуынша, COVID-19 вирусын емдеуге арналған амбулаториялық деңгейдегі дәрілердің тізімі кеңейтілген.

Коронавирус диагнозы қойылған науқастар аурудың жеңіл формасы кезінде ПТР тест нәтижесіне қарамастан, тіркелген жері бойынша өз емханаларында емдеуші дәрігердің тағайындауымен қызуды төмендететін дәрілер мен антикоагулянттарды (қан құюға қарсы препарат) тегін ала алады, - деді ол.

Осылайша, 1 миллионға жуық адамды қамту жоспарланып отыр екен.

Қазірдің өзінде медициналық ұйымдарға 1,5 миллиард теңге сомасында дәрі жеткізілді. Бұл шара инфекциялық және провизорлық орталықтарда науқас санын азайтуға, COVID-19 жеңіл түрлерін амбулаториялық деңгейде емдеуге, халықтың дәрілік заттар алу шығындарын төмендетуге, стационарлық емдеу үшін мемлекет шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті министр.


Фото: дереккөз
Загрузка...