1 қыркүйекте балалар мектепке бара ма? Есмағамбетова жауап берді

5 Мамыр 2021, 17:33
35441
Бөлісу:
1 қыркүйекте балалар мектепке бара ма? Есмағамбетова жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Денсаулық сақтау министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің қортындысы туралы өткен брифингте айтты. 

Бүгінгі таңда 200 мыңға жуық мұғалім вакцина алды. Бұл жалпы алғандар ұстаздардың 30 пайызын құрайды. Вакцинациялау өңірлерге қатысты болып отыр. Шымкентте 90 пайыз вакцина алса, Маңғыстауда 11-12 пайыз мұғалім вакцина алды. Мұғалімдерді вакцинациялау өте маңызды үрдіс. Себебі олар балалармен жұмыс істейді. Ал балаларды біз вакцинациялай алмаймыз, - деді ол.

Есмағамбетова осы орайда барша ұстаздарды вакцина алуға шақырды.

 

Тоқсаннан тоқсанға біз оқушылардың офлайн оқуына көшіру туралы шешім қабылдауға тырыстық. Бірақ эпидемиологиялық жағдайға қатысты оны жүзеге асыра алмадық. Қазір біздің қолымызда вакцина деген қару бар. Қазір халықтың мардымды санын вакцинациялап, ұжымдық иммунитет қалыптастыру маңызды. Әсіресе, ұстаздардың арасында вакцина алу маңызды. Бұл балаларды қорғауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 1 қыркүйекте мектеп оқушылары мен студенттерді оқу орындарына қайтаруға мүмкіндік береді, - деді Есмағамбетова.

 

 

Өзгелердің жаңалығы