Қызылорда қаласында сауда орындары медициналық масканы тегін таратуда

26 Наурыз 2020, 16:01
1746
Бөлісу:
Қызылорда қаласында сауда орындары медициналық масканы тегін таратуда
Фото: автордан

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда қаласында сауда орындары медициналық масканы тегін таратуда.

Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бектас Нұридиновтің айтуынша, Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуіне орай қалалық әкімдік "Жедел штаб" құрған.

WhatsApp Image 2020-03-26 at 16.42.28 (1).jpeg

Штаб жұмысын 16 наурызда бастады. Шаһардағы әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды, адам көп шоғырланатын орындарды аралап, төтенше жағдайдың талаптарын түсіндіруде. Ал тәртіпті елемегендерге заңға сәйкес жазаланып жатыр. Сондай-ақ, қауіпті індеттің алдын алу, таралуына жол бермеу мақсатында әлеуметтік желілерде, БАҚ-та ақпараттандыру жұмыстары кеңінен жүргізіліп келеді. Төтенше жағдайда ең алдымен сақтық шарасы маңызды. Сондықтан қала кәсіпкерлері бұған бей-жай қарамай, қауіпсіздік шарасына атсалысуда. Дәл қазір "Мирас" сауда үйінде тұрмыз. Мұнда келушілерге 1000 дана маска тегін таратылды. Сондай-ақ, сауда үйінде антисептикалық құралдар қойылған. Осындай акция "Қызылорда оптомаркет" сауда үйін де өтуде. Кеше "Ажар сити" сауда орталығы өз клиенттеріне 500-ден аса медициналық бетпердені тегін үлестірді, – дейді Бектас Нұридинов.
Кешелі бері "Қызылорда оптомаркеті" де 3 мың дана бетперде үлестірді. Сауда үйінің администраторы Ботагөз Бекмағамбетованың айтуынша, игі шара мұнымен тоқтамайды.

WhatsApp Image 2020-03-26 at 16.42.29.jpeg

Біздің супермаркет акцияны қолдап, сатып алушыларға антибактериялық салфеткаларды, маскаларды тегін беріп жатырмыз. Қазірдің өзінде 3 мың дана маска таратылып кетті. Сондықтан масканы әлде де көбейту ойымызда бар. Тазалық – саулық кепілі. Кассада отырған қызметкерлеріміз бір реттік қолғаппен, антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілген. Жұмыла көтерген жүк жеңіл, күрделі де қиын кезді бірлікпен еңсереміз деп сенеміз, – дейді "Қызылорда оптомаркеті" сауда үйінің администраторы.
Айта кетейік, медициналық маскаларды тегін тарату акциясы Қызылорда қаласы аумағында халыққа қызмет көрсететін 80-ге жуық сауда үйі мен 12 базарда жалғасын табады. Сонымен қатар, бүгін әскери бөлімдер облыс орталығындағы теміржол вокзалы мен автовокзалда коронавирусқа қарсы дезинфекциялау жұмысын жүргізіп жатыр.
Өзгелердің жаңалығы