Сайлауға түсу үшін ең алғаш құжат тапсырған адам белгілі болды

23 Сәуір 2019, 10:50
3186
Бөлісу:
Сайлауға түсу үшін ең алғаш құжат тапсырған адам белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ. 22 сәуірде Сәдібек Түгел Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер болу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды. Бұл туралы ОСК-ның ресми сайтында жазылған.

Ол Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес, қажетті 7 құжаттың бәрін тапсырған. Атап айтқанда:

1. «Ұлы дала қырандары» Республикалық қоғамдық бірлестігі жоғары органының Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысы хаттамасының үзіндісі;
2. Түгел Сәдібектің Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм беру жөнiндегi өтiнiші;
3. Өмірбаяндық мәліметтері;
4. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжатты;
5. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың жоғарғы білім туралы дипломдарының көшірмелері;
7. Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжат ұсынылды.

Сәдібек Түгел - Қазақстанның Жазушылар Одағы, Журналистер Одағының мүшесі, гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі. Қазақстанның мәдениет қайраткері, еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
 

Өзгелердің жаңалығы