Жастарға жалға берілетін баспанаға 6 мыңнан астам өтініш түсті

12 Қараша 2019, 21:45
1824
Бөлісу:
Жастарға жалға берілетін баспанаға 6 мыңнан астам өтініш түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Smart Astana порталы арқылы жұмыс істеп жүрген жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай бағдарламасы бойынша қазірдің өзінде 6030 өтініш қабылданды. Бұл туралы Astana Innovations баспасөз қызметі хабарлады. 


 

Сонымен бірге жүйеге виртуалды көмекші қосылды, ол интерфейсте жүгінген кісілерге бірден барлық қажетті мәселелер бойынша кеңес береді. Құжаттарды толтырумен қатар 4 мыңнан астам онлайн кеңес берілді. Smart Astana порталы Электрондық үкіметпен біріктірілген және жылжымайтын мүліктің бар/жоғын (2 нысан), тіркеу уақытын, жасын, отбасылық жағдайын, балаларының болуын, отбасының тіркеу мәліметтерін және басқаларды автоматты түрде тексереді, делінген хабарламада.
 

Сонымен қатар, жүйе өлшемдерге сәйкес келмейтін, яғни Нұр-Сұлтанда тіркеуде жоқ, я болмаса жылжымайтын мүлкі бар және тағы басқа тұлғалардан 1180 өтінішті қабылдамады.

Өтініштер әлі де 2019 жылдың 12 қарашасы сағат 22.00-ге дейін қабылданады.

Өзгелердің жаңалығы