Netflix-тегі танымал жобалардың авторлары елімізде Алтын Орданың негізін қалаушы Жошы хан туралы сериал түсіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің Karga Seven Pictures продюсерлік компаниясының өкілдерімен кездесуі барысында мәлім болды.
Биыл көктемде Алтын Орданың негізін қалаушы Жошы хан туралы шағын сериалдың түсірілетіні айтылған.
Сценарийді әзірлеуге Джастин Поллард және Клэр Морсум сынды белгілі сценаристер, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық тарихшылар мен сарапшылар қатысты. Сценариймен жұмыс кезінде Жошы ұлысының, қазақ халқының мәдени құндылықтары мен өмір сүру салты терең зерттелді, - деп атап өтті продюсерлік компанияның баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, сериал түсірілетін жерлер таңдалынған. Кастинг аяқталған соң түсірілім жұмыстары басталады.
Продюсерлік компания өкілдерінің айтуынша, Алтын Орданың тарихы әлемдік аудиторияның қызығушылығын тудырып отыр.