Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху елге ұшатын шетелдік әуе компанияларының қауіпсіздігін тексеретін арнайы инспектор тағайындауды тапсырды. Бұл туралы Израиль премьер-министрінің кеңсесі хабарлады.
Нетаньяху Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысына шетелдік азаматтық авиацияның Израильге қатынайтын рейстеріндегі қауіпсіздік шараларын жан-жақты тексеруді тапсырған.
Бұған дейін премьер-министр Израильге бағыт алатын барлық рейстерде, соның ішінде шетелдік әуе компанияларының ұшақтарында қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырған.
Бұл шешім 30 қыркүйекте Дубайдан Тель-Авивке ұшқан Flydubai ұшағындағы оқиғадан кейін қабылданды. Әуе кемесі борттағы қауіпсіздік жағдайына байланысты Сауд Арабиясының Табук қаласына шұғыл қонған.
Сауд Арабиясының Ішкі істер министрлігі оқиғаға екінші ұшқыштың әуе кемесі командиріне шабуыл жасауы себеп болғанын хабарлады. Екі ұшқыш та жарақат алған.
Қазір БАӘ билігі оқиғаның себептері мен мән-жайын, сондай-ақ әуе кемесіндегі қауіпсіздік шараларын тексеріп жатыр.