Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Иранның Израильге қарсы кез келген әрекеті қатал жауапқа ұшырайтынын айтты. Бұл мәлімдемені ол Иерусалимдегі үшжақты кездесуден кейін Греция премьері Кириакос Мицотакиспен және Кипр президенті Никос Кристодулидиспен бірлескен баспасөз мәслихатында жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Біз Иранның соңғы уақытта жаттығу жасап жатқанын білеміз және мұны мұқият бақылауда ұстаймыз. Израильге қарсы кез келген әрекет өте қатал жауапқа әкеп соқтырады, - деді Нетаньяху.
Ол Израильдің 2025 жылғы маусымдағы Иранмен «он екі күндік соғыста» жеткен жетістіктерін атап өтіп, Иранның уран байыту және прокси соғыстарды жүргізу жоспары өзгермегенін айтты.