Малда қайыр бар

20 Маусым 2019, 12:20
8640
Бөлісу:
Малда қайыр бар
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Олар таңның атысы мен күннің батысына дейін түзде жүреді. Киген киімінен-ақ маңдай тері төгіле, табанынан тас тіле жүріп еңбек еткенін аңғару қиын емес. Бұл мақала ата-бабаларынан қалған кәсіпті нәсіп етіп, мал шаруашылығын дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер туралы болмақ.

Ақмола облысы, Бурабай ауданына іссапармен барып, «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» арқылы қаржы алу арқылы мал шаруашылығымен айналысып жүрген кәсіпкерлердің тіршілігімен танысып қайттық.

«Тағы да асыл тұқымды сиыр алып келеміз»

Бурабай ауданы, Кенесары ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Серік Омаров «Ырыс» бағдарламасымен несие алып, өңірдегі сүт өңдейтін зауыттарға сүт жеткізумен айналыса бастаған.

«Омаров» сүт-тауарлы фермасының басшысы қазіргі уақытта сүтті бағытта 350 бас сиыры бар екенін айтты.

Малда қайыр бар

«2017 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» 21 миллион теңге алып, Павлодар облысынан симментал тұқымды 50 бас сиыр мен сүт сауатын құрылғы алдық. Бұл асыл тұқымды сиырлар еліміздегі сиырларға қарағанда көбірек сүт береді. Сауған сүтімізді сүт өңдейтін «Айна» ЖШС-ға, Көкшетау «Гормолзауытқа», «Milk Projekt» ЖШС мен «Natige» ЖШС сияқты зауыттарға өткіземіз. Олармен сүт жеткізу жөнінде бекіткен келісімшарттарымыз бар. Жыл сайын сүт тапсыру көлемін де арттырып келеміз», - дейді шаруа қожалық басшысы Серік Омаров.

Малда қайыр бар

Кәсіпкер алдағы уақытта Еуропадан тағы да асыл тұқымды мал әкелуді жоспарлап отыр.

Малда қайыр бар

Малда қайыр бар

«Мемлекеттік қолдаудың арқасында шаруашылығымыз өз деңгейінде жүріп келеді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» тағы да несие алып, еуропадан асыл тұқымды 100 сиыр әкелу жоспарда бар», - дейді ол.

«Басты мақсат – малдың сапасын арттыру»

Малда қайыр бар

Бурабай ауданы, Қымызынай ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Талғат Ташиков биыл «Сыбаға» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алып, Словакиядан симментал тұқымды ірі қара сатып әкелген.

Малда қайыр бар

«Биыл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақмола облыстық филиалынан «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 40 миллион теңгеге жуық несие алдым. Сол қаржыға Словакиядан 53 бас симментал тұқымды ірі қара және осы жақтан мал азығын дайындайтын техника сатып алдым», - дейді «Айдың» шаруа қожалығының басшысы Талғат Ташиков.

Малда қайыр бар

Кәсіпкердің айтуынша, шетелден алып келген сиырлардың генетикасы жақсы.

Малда қайыр бар

Малда қайыр бар

Малда қайыр бар

Малда қайыр бар

Малда қайыр бар

«Алла қаласа келесі жылы бұзаулағанын көріп, өзіміздің бұзаулармен салыстырамыз. Басты мақсат – малдың саны мен сапасын арттыру. Асыл тұқымды сиырдың салмағы да, еті де көп. Қордан алған несиенің көмегі үлкен болды. Енді осы малды аман-есен бағып, өсіру керек. Оған мүмкіндігіміз жеткілікті», - дейді ол.

«Қымызға сұраныс артып келеді»

Малда қайыр бар

Бурабай ауданы, Қымызынай ауылында тұратын тағы бір кәсіпкер – Алтай Кабдулин аталған қордан несие алып, қымыз өндіруді қолға алған.

Малда қайыр бар

«Мал және құс шаруашылығын дамытуға бағытталған «Игілік» бағдарламасы арқылы былтыр 6 миллион теңге несие алып, 18 бас жылқы сатып алдым. Міне, биелер құлындап жатыр. Өзімнің биелерімді қосқанда қазір 36 бие сауып отырмыз. Тағы да несие алып, 40 бас жылқы алу жоспарда бар. Ұлттық сусынға сұраныс көп. Күніне 120 литр қымыз дайындаймыз. Ешқайда тасымай-ақ тұтынушыларымыз өздері алып кетеді. Екі денсаулық сақтау мекемесімен келісімшартымыз бар. Соларға өткіземіз», - дейді кәсіпкер Алтай Кабдулин.

Малда қайыр бар

Малда қайыр бар

Малда қайыр бар

Малда қайыр бар

Малда қайыр бар

Малда қайыр бар

Малда қайыр бар

Қор арқылы қаржыландыру жалғасуда

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары Кенжеахметов Абзал Сейітұлының айтуынша, Ақмола облысында Қор арқылы қаржыландыру жалғасуда. Жалпы, биыл ауыл кәсіпкерлерін қолдауға 1 миллиард 838 миллион теңге бағыттау жоспарланып отыр.

Малда қайыр бар

«2018 жылдан бері бізде «Сыбаға» бағдарламасын қаржыландыру үлкен қарқын алды. Былтыр осы бағдарлама бойынша 24 кәсіпкер несие алған болса, биыл жарты жыл ішінде 12 кәсіпкерді қаржыландырдық. Несие сұрау бойынша өтініштер әлі де бар. Жылдың аяғына дейін өтініш берген кәсіпкерлердің бәрі қаржыландырылады», - дейді Абзал Сейітұлы.

Малда қайыр бар

Бұл бағдарлама бойынша несие алу үшін бірнеше талап қойылады.

«Бірінші талап, ауыл тұрғыны болуы керек. Екінші талап, мал жаятын жері мен қысқа тұратын қора-қопсысы болуы керек. Осы бағдарлама бойынша сатып алынған техниканың 25 пайызы Үкімет тарапынан субсидияланып жатыр. Ал шетелден келген малдың әр басына 225 мыңнан субсидия алынды. Несие алған кәсіпкерлер екі жыл бойы несие төлеуден босатылып, оларға шаруасын дөңгелетіп алуға мүмкіндік береді», - дейді ол.

 

Өзгелердің жаңалығы