Несие рәсімдеп, алаяқтық жасаған Семей тұрғыны ұсталды

19 Шілде 2022, 05:20
1032
Бөлісу:
Несие рәсімдеп, алаяқтық жасаған Семей тұрғыны ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде алаяқтық жасады деген күдікпен 19 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Полицияға 47 жастағы тұрғын шағымданған. Айтуынша, қаржылық көмек көрсетемін деген сылтаумен танысы оның атына 680 000 теңге сомасында ақшалай несие рәсімдеп кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 19 жастағы қала тұрғынын ұстады. Жауап алу кезінде ол өз ісін мойындады, тиісті айғақтар алынды, – деп хабарлады полиция басқармасының өкілдері.

ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы