Ненад Эрич – Еурокубокта ең көп ойын өткізген қазақстандық футболшы

20 Шілде 2019, 17:30
1602
Бөлісу:
Ненад Эрич – Еурокубокта ең көп ойын өткізген қазақстандық футболшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» командасының қақпашысы Ненад Эрич – Еурокубокта ең көп ойын өткізген қазақстандық футболшы. Ол Румынияда ЧФР – «Астана» кездесуінде 55-матчын өткізді.

Команда капитаны осы көрсеткіштер бойынша Дмитрий Шомконы қуып жетіп, «Астана» сапында Еурокубоктерде өткізген ойындар саны бойынша бірінші орынға шықты.

Одан бөлек, үздік ондықта өзгерістер орын алып, Марин Аничич Серікжан Мужиковқа жетті. Енді екеуінде де 50 ойыннан бар. Олар өзара үшінші орынды бөлісіп тұр.

Одан бөлек, Евгений Постников Жуниор Кабананганы, ал Иван Маевский Рохер Каньясты басып озды. 

Үздік ондық: 
1.Ненад Эрич – 55 ойын 
2.Дмитрий Шомко – 54 
3.Серікжан Мұжықов – 50 
3. Марин Аничич – 50 
5. Абзал Бейсебеков –46 
6. Евгений Постников – 45 
7. Джуниор Кабананга – 44 
8. Патрик Твумаси – 35 
9. Иван Маевский – 30 
10. Рохер Каньяс – 29.
Өзгелердің жаңалығы