Неміс бизнесінің өкілдері Қазақстанмен білім беру саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытатынын айтты

22 Шілде 2022, 13:58
1593
Бөлісу:
Неміс бизнесінің өкілдері Қазақстанмен білім беру саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытатынын айтты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Неміс бизнесінің өкілдері Қазақстанмен білім беру саласындағы ынтымақтастыққа, өңірдің басқа елдерінен жаңа жобаларды ашуға және бұрыннан бар жобаларды іске асыруға жоғары қызығушылық танытатынын мәлімдейді. 

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан-Герман қоғамының төрағасы, Eurasian Management Solutions басқарушы серіктесі Томас Хельммен кездесуінде айтты.

Неміс бизнесінің өкілдері Қазақстанмен білім беру саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытатынын айтты

Министр өз сөзінде, егер Германия қызығушылық танытқан жағдайда Қазақстан үздік университеттерінің филиалдарын жәрдемдесуге дайын екеніндігін білдірді.

Жоғары білім беруді реформалау, университеттерімізге академиялық дербестік және басқарушылық еркіндігін беру – Қазақстанның әлемдік үздік университеттер қатарында болуына жол ашады, – деді Министр Саясат Нұрбек.

Ведомство басшысы мәртебелі мейманды елдегі ғылым мен жоғары білім беруді дамытудың негізгі қағидаттарынан хабардар етті. Сондай-ақ отандық ғалымдардың шетелдік жоғары оқу орындарының ғылыми зерттеулеріне қатысуын ынталандыруға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру барысына тоқталды.

Неміс бизнесінің өкілдері Қазақстанмен білім беру саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытатынын айтты

Бүгінгі таңда 2 500-ге жуық қазақстандық стипендиат Германияның жоғары оқу орындарында білім алды. Олардың басым көпшілігі Қазақстан экономикасының игілігі жолында қызмет етуде, - деп атап өтті Томас Хельм.

Неміс бизнесінің өкілдері Қазақстанмен білім беру саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытатынын айтты

Германияның стипендиялық бағдарламалары ондаған жылдар бойы қазақстандық жастар үшін ең танымал бағдарламалардың біріне айналды. Олар студенттермен қатар жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне көптеген жобаларды ұсынады. Оның ішінде ғалымдар мен оқытушыларға арналған стипендиялық зерттеу бағдарламалары да бар.

Өзгелердің жаңалығы