Неліктен телефон арқылы зейнетақы жинақтарын алуға өтінім беруге болмайды?

23 Қаңтар 2021, 13:14
1498
Бөлісу:
Неліктен телефон арқылы зейнетақы жинақтарын алуға өтінім беруге болмайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Instagram-да өткен тікелей эфир кезінде «Отбасы банк» АҚ Сату және аймақтық даму департаментінің директоры Рахиля Балтабаева жауап берді.

Өкінішке орай, Nclayer сертификаты смартфондарда жұмыс істемейді. Ұялы телефоннан сайттың тек бірінші бетіне өтуге болады. Ол жерде мақсаттармен және қандай құжат қажет екенімен танысу керек. Ал келесі әрекеттерді компьютерден растау қажет, - деді Рахиля Балтабаева Instagram-да өткен тікелей эфир кезінде.

Оның айтуынша, сайт қазір жұмыс істеп тұр. 3 сағаттың ішінде 5 мыңға жуық өтінім келіп түскен.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдануға арналған онлайн платформада ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) пайдалану үшін Nclayer сертификаттарын орнату қажет.

Еске сала кетейік, зейнетақының бір бөлігін алуға өтініш беретін enpf-otbasy.kz сайты сағат 9:00-ден бастап жұмысын бастады.

Өзгелердің жаңалығы