Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі адам папилломасы вирусына (ВПЧ) қарсы қыз балаларды вакцинациялаудың маңыздылығын еске салды. Ведомствоның мәліметінше, бұл екпе вирустың ең қауіпті түрлерінен қорғайды және жатыр мойны обырының даму қаупін айтарлықтай төмендетеді.
Қазақстанда 11 жастағы қыз балаларға АПВ-ға қарсы вакцина тегін салынады. Егер екпе уақытында салынбаған болса, оны 17 жасқа дейін (қоса алғанда) тегін алуға болады.
Баланы вируспен ықтимал байланысқа түспей тұрып қорғаған дұрыс. Сондықтан вакцинация жасөспірім шақта жүргізіледі, – деді Алматы қаласындағы №36 қалалық емхананың директоры Гүлжайнат Тлеген.
Денсаулық сақтау министрлігі уақытылы жүргізілген вакцинация адамның папилломасы вирусымен байланысты аурулардың алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі екенін атап өтті.
Еске салсақ, Астанада АПВ-ға қарсы вакцина алған қыздардың саны 17 мыңнан асты.
Тағы оқи отырыңыз: Ата-аналар назарына: 17 жасқа дейінгі қыздарға АПВ екпесі тегін салынады