Қоғам белсендісі неке шартын заңдастыруды ұсынды

19 Тамыз 2020, 17:17
1098
Бөлісу:
Қоғам белсендісі неке шартын заңдастыруды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Немолчи.kz" қозғалысының жетекшісі Дина Смайылова "Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңның орындалуы – алдын алудан қатаң жазаға дейін" тақырыбында өткен онлайн семинарында Қазақстанда неке шартын заңдастыруды ұсынды.

Біздің дәстүр бойынша кейбір қыз білім алмай, мамандыққа ие болмай тұрмысқа шығады. Себебі, оларды солай тәрбиелеген. 16 жасқа толған соң тұрмысқа шығып жатады. Ол 5 бала табады. 30 жасқа келгенде не тісі, не денсаулығы болмайды. Білімі де жоқ. Осы кезде күйеуі жас әйел алғысы келеді. Ол барлық баланы алып қойып, әйелін қуып шығады. Мұндай жағдайда балаға зақым келеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасайтындар балаларды неге ойламайды?, - деді Смайылова. 

Ол атап өткендей, неке шартын заңдастыру керек. 

Біз XXI ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Маған келетін әйелдердің жалақысы - 45 мың теңге. Ал қорғау органдары бала әкесінің жағдайына қарап, баланы соған береді. Бұл жерде баланың көңіл-күйін, сезімін ескеруіміз керек. Неке шартын да заңдастырған абзал, - деді ол. 

Айта кетейік, "Қазақстан ТДМ 16.1-ді" жүзеге асыру жолында бірқатар іс-шараны жүзеге асырып жатыр. Аталған семинар тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы