Не себепті өзен балығынан теңіз балығы пайдалырақ?

29 Қараша 2023, 16:09
701
Бөлісу:
Не себепті өзен балығынан теңіз балығы пайдалырақ?

Өзендегі балықтан қарағанда теңіз балығының пайдасы көп. Себебі теңіз балығы йодқа бай, деп жазады BAQ.KZ.

Бұл туралы News.ru-ға сілтеме бере отырып диетолог-дәрігер Елена Тихомирова айтты.

Йод - адамға қажетті элементтердің бірі. Организмде йод жеткілікті болса, адамның қалқанша безінің жұмысы қалыпты жұмыс істейді, зат алмасу процесі бұзылмайды. Бұдан бөлек 100 грамм теңіз балығының құрамында 20 грамға жуық тез сіңірілетін ақуыз  болады. 

Теңіз балығындағы майлар, мысалы скумбрия немесе майшабақтың құрамындағы майлар - таза омега-3 май қышқылдарының қайнар көзі саналады. Омега-3 майларының пайдасын білмейтін адам жоқ шығар?! Олар ең алдымен жүрек пен оның қантамырларына қажет. Сондай-ақ иммунитеттің пайда болуына септеседі. Сонымен қоса терінің серпімділігіне әсер етеді, - деді дәрігер.

Сарапшының сөзінше, теңіз өнімдерін аптасына кемінде екі рет тұтыну қажет.

Өзгелердің жаңалығы