Үндістанның химия зауытында 8 адам қаза тапты

7 Мамыр 2020, 20:15
1957
Бөлісу:
Үндістанның химия зауытында 8 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға оңтүстіккореялық LG компаниясының химиялық зауытында орын алды.

Үндістанның шығысында химия зауытында улы газдың ағып кетуі салдарынан кемінде 8 адам қаза тапты, деп хабарлады ru.euronews.com. Мыңдаған адам түрлі дәрежеде уланған. Жергілікті БАҚ мәліметі бойынша, 70 адам ауруханаларда ауыр халде жатыр.

Қайғылы оқиға оңтүстіккореялық LG компаниясының химиялық зауытында орын алды. Кәсіпорын 25 наурызда елде карантин енгізілгеннен кейін тоқтатылған болатын. Полимерлер өндірісі үшін қолданылатын стиролы бар әрқайсысы бес мың тонна болатын екі ыдыс қараусыз қалған. Басшылық қазір улы газдың қалай ағып кеткенін анықтап жатыр.

Тергеу жұмыстарын Үндістан премьер-министрі тікелей бақылауға алды. Зауыт жанында орналасқан аудан тұрғындарына ауыз бен мұрынды ылғалды матамен жабуға кеңес берді.
Өзгелердің жаңалығы