Назарбаевтың сыныптасы Елбасы туралы кітап шығарды

11 Шілде 2021, 19:35
1947
Бөлісу:
Назарбаевтың сыныптасы Елбасы туралы кітап шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтааралда ардагер ұстаз, елбасының сыныптасы Рауза Төлемісованың "Кемеңгер, дана көшбасшы" атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Іс-шара барысында кітап авторының бастамасымен түсірілген қысқаметражды фильм көрерменге ұсынылды. Тұсаукесер рәсіміне аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова, "Жебе" баспа үйінің басшысы Ж.Төлетай және Шымкент қаласынан, Жетісай ауданынан арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Жиынға қатысушылар Рауза Мәтеқызының шығармашылығына сәттілік тілеп, жаңа кітап туралы пікірлерімен бөлісті.

Рауза апайымыз бұған дейін бірнеше туындыны жарыққа шығарып, оқырман қауымға ұсынған болатын. Алматы облысының тумасы мақталы Мақтаарал өлкесінің келіні атанып, бар өмірін Мырзашөл топырағында білім саласын дамытуға, бала тәрбиелеуге, елге қызмет етуге арнап, бүгінде шығармашылықты қолға алып, естелік туындылар жазып жүр. Ендеше, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы жарыққа шыққан жаңа кітап кейінгі ұрпаққа зор мұра болып қалатынына сеніміміз мол - деді А.Күнтуқызы.

Кітап Елбасының өмір жолына арналған.

Өзгелердің жаңалығы