Желіде Назарбаевтың осыдан 15 жыл бұрынғы алғашқы селфиі пайда болды

28 Қазан 2019, 17:37
2928
Бөлісу:
Желіде Назарбаевтың осыдан 15 жыл бұрынғы алғашқы селфиі пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік желіде Қазақстанның Тұңғыш президенті - Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы селфиі шықты. Ол осыдан 15 жыл бұрын түсірілген.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Іnstagram желісіндегі парақшасында алғашқы селфидің суреті жарияланды. Астына "Елбасымен алғашқы селфи. 2004 жыл" деп жазылған. 

Суретте Нұрсұлтан Назарбаевтың қасында түлектер қаумалап тұр. Фотоға қыздардың бірі мобильді телефонмен түсірген. 

Айта кетейік, Елбасымен түскен бірнеше селфилер бар. Олардың арасында алғашқылардың бірі болып Илья Ильин түскен еді.

Өзгелердің жаңалығы