Шын мәнінде жоғалтып алдық – Назарбаева жеңіл өнеркәсіп туралы айтты

4 Наурыз 2020, 11:01
2186
Бөлісу:
Шын мәнінде жоғалтып алдық – Назарбаева жеңіл өнеркәсіп туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттағы парламенттік тыңдауда спикер Дариға Назарбаева жеңіл өнеркәсіп саласының әлеуметтік маңыздылығын атап өтті.

Жеңіл өнеркәсіп - Қазақстандағы ең проблемасы көп сектордың бірі. Себебі экономикада өңдеуші саланың басым болуына байланысты бұл сала назардан тыс қалып келді. Жеңіл өнеркәсіп экономиканы түрлендіруге, әсіресе пайдалы қазбалар қорының азайып, мұнай бағдарламасының төмендеген кезінде дағдарыс толқыны мүмкіндігінің бірі болып табылады. Жеңіл өнеркәсіп -  әлеуметтік сала. Халықтың, әсіресе әйелдердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді, - деді Дариға Назарбаева.

Ол осы ретте стартаптардың негізгі үлесі әйелдерге тиесілі екенін айта кетті.

Бүгінгі таңда шағын және орта бизнес субъектілерінің барлық активтерінің 44 пайызын әйелдер басқарады. Олар шағын және орта бизнес секторындағы барлық жұмыс орындарының 31 пайызын қамтамасыз етеді. Жеңіл өнеркәсіптегі стартаптардың негізгі үлесі әйелдерге тиесілі. Олардың белсенділігінің арқасында сала жандана бастады. Біз 90-жылдары шын мәнінде жеңіл өнеркәсіпті жоғалтып алдық. Бұл бірқатар секторларға да қатысты, - дейді Сенат спикері.

Өзгелердің жаңалығы