Назарбаев Өзбекстан басшысын туған күнімен құттықтады

24 Шілде 2019, 17:13
2067
Бөлісу:
Назарбаев Өзбекстан басшысын туған күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевті туған күнімен құттықтап, оған мықты денсаулық пен мемлекеттік қызметіне сәттілік тіледі. Ал бауырлас Өзбекстан халқына өрлеу мен бақ-береке тіледі. 

«Назарбаев пен Мирзиеев соңғы жылдары екі ел арасында қол жеткізілген келісімдердің арқасында Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығы жаңа қарқынмен дамып, жоғары деңгейге көтерілгенін айтты. Өзара сауда көлемінің артуы мен экономикалық байланыстардың өсімімен қатар мәдени-гуманитарлық қатынастар белсенді дамып келеді. Мәселен, 2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан жылы сәтті өтті, ал биыл Өзбекстанда Қазақстан жылы аясында шаралар ұйымдастырылып жатыр», - делінген elbasy.kz сайтында. 

Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев өңірлік күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді талқылады. 

Тараптар әңгіме соңында Қазақстан-Өзбекстан стратегиялық қарым-қатынасы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы