Назарбаев туралы фильмді 19 ай түсірдік – режиссер

6 Шілде 2021, 13:08
5885
Бөлісу:
Назарбаев туралы фильмді 19 ай түсірдік – режиссер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Оскар» сыйлығының 3 мәрте иегері Оливер Стоунның продюсерлігімен жарық көрген «Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильмнің режиссері Игорь Лопатенок туынды туралы айтты.

Алдымен Назарбаев туралы фильмге жетекшілік еткен Оливер Стоун режиссер украиналық Игорь Лопатенок екенін еске салды.

Мен Президентпен сұхбат жүргіздім және фильмге продюсер ретінде атсалыстым. Ал режиссер - Игорь Лопатенок.

Ал режиссер бұл фильмді түсіру идеясы 2015 жылы ойға келгенін,ал негізгі жұмыс 4 жылдан кейін – 2019 жылдың желтоқсанында басталғанын айтты.

Коронавирус пен локдауннан туындаған қиын жағдайларға қарамастан, түсірілім тобы 19 ай бойы еңбек етті. Ұзақ сұхбаттың бірнеше сессиясынан кейін деректі фильмдер бүкіл ел бойынша экспедицияларға аттанды. Карантин өз әсерін тигізді, дегенмен COVID-19 қызметкерлердің жұмысты жалғастыруына кедергі болмады, - дейді Игорь Лопатенок. 

Ол бұл фильмді қолдан келгенді жасадық. Өмірімдегі ең үздік еңбектерімнің бірін шығардым деп санаймын деп айтты.

 

Тіпті, ең жақсысын дер едім. Мен әр түрлі фильмдерде әр түрлі режиссерлермен, ұлы режиссерлермен жұмыс істегем. Оливер – менің ұстазым, бірақ ол белгісіз бір себептермен бұдан бас тартты. Бірақ бұл ойымды жүзеге асыру үшін көп үлес қосты,- деді режиссер.

 


 


 

Өзгелердің жаңалығы