Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Әңгімелесу барысында Режеп Тайип Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты Ораза айт меркесімен құттықтап, зор денсаулық және толағай табыс, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.
Тараптар Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.