Назарбаев Түркістан қаласының халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысты

28 Қыркүйек 2020, 13:36
2216
Бөлісу:
Назарбаев Түркістан қаласының халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласының халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысты. Қаладан 20 км қашықтықта орналасқан әуежай халықаралық стандарттарға сай заманауи технологияларды қолдана отырып салынған, - деп жазды Айдос Үкібай.

ауежай1.jpeg

Сонымен қатар Елбасы «Түркістан-Арена» стадионында болып, кейін «Конгресс Холл» көпфункционалды концерт залына барды. Елбасы концерттер, театрландырылған қойылымдар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға арналған көпфункционалды мәдени нысанмен танысты.

ауежай2.jpeg

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына барғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

ауежай3.jpeg

Сондай-ақ Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында Нұрсұлтан Назарбаев бүгін әлемдік деңгейдегі қонақ үйге барғаны туралы жазды. Rixos Turkistan - бұл отандық инвестор есебінен салынған қаланың туристік инфрақұрылымының маңызды нысандарының бірі. 

Өзгелердің жаңалығы