Назарбаев Премьер-министрлікке Маминнің кандидатурасын қолдауды сұрады

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының парламенттік фракциясының мүшелерінен Премьер-министрлікке Асқар Маминнің кандидатурасын қолдауды сұрады.</h4>

 14 Қаңтар 2021 2021, 17:05
14 Қаңтар 2021 2021, 17:05
2518

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының парламенттік фракциясының мүшелерінен Премьер-министрлікке Асқар Маминнің кандидатурасын қолдауды сұрады.

Менің ойымша, сабақтастықты сақтау керек. Үкімет барлық қиындыққа қарамастан барлығына төтеп берді. Басқа елдермен салыстырғанда, біздің Үкіметтің нәтижесі жақсы болды. Егер Президент Мамин Асқар Ұзақпайұлын ұсынса (Мамин - тілші), онда фракция мүшелерінен оның кандидатурасын қолдауларын сұраймын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетсек, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының парламенттік фракциясының отырысына қатысты. Бұған дейін ол Нығматулинді Мәжілістегі партия фракциясының жетекшісі қызметіне ұсынған болатын.
Наверх