Назарбаев праймериздегі онлайн дауыс беруге қатысты

2 Қазан 2020, 12:01
1030
Бөлісу:
Назарбаев праймериздегі онлайн дауыс беруге қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев праймериздегі онлайн дауыс беруге қатысты. Бұл туралы Елбасының Instagram парақшасында хабарланды.

«Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев праймериздегі онлайн дауыс беруге қатысты.

Елбасы ішкі партиялық іріктеуге қатысушылардың үгіт-насихат жұмыстарын және қоғамдық пікірталастарды мұқият бақылағанын атап өтті.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті үгіт-насихат пен пікірталастар кезінде партия назарға алуға тиіс бірқатар конструктивті ұсыныс айтылғанына тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев барлық партия мүшелерін дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды, - делінген хабарламада. 

Өзгелердің жаңалығы