Назарбаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

7 Наурыз 2020, 18:30
1406
Бөлісу:
Назарбаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.

Тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Сирия мәселесі бойынша өткен Ресей мен Түркия арасындағы келіссөздер нәтижелері туралы пікір алмасты. Аталған келіссөздер барысында "Астана процесінің" маңызды рөлі туралы айтылған болатын.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин алдағы кездесулердің кестесін талқылады.

Әңгіме соңында тараптар биылғы Қазақстан мен Ресей саяси байланыстарының жоғары белсенділігін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы