Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев онлайн форматтағы Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитін ашып берді.
Осы кеңеске қатысып отырғаныма қуаныштымын. Негізі ел Президенті айтқандай, жиынды Түркістанда өткіземіз деп жоспарлағанбыз. Бірақ пандемияға байланысты көптеген халықаралық іс-шара онлайн форматқа көшіп жатыр. Біз де солай істеуге мәжбүр болып отырмыз. Саммит «Түркістан - түркі әлемнің рухани астанасы» тақырыбында өтуде. Өздеріңіз көргендей, біз бұл қалада 100-ден астам ғимарат салдық. Жақында құрылыстар аяқталады. Сіздер түркі елінің алтын бесігі - Түркістанның гүлденген бейнесін көретін боласыздар, - деді Назарбаев.
Ол түркі әлемінің өте маңызды көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Яссауи салған және біздің Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Түркия елі біздің Тәуелсіздігімізді алғашқы болып растағанын да айта кетті.
Айта кетейік, бұл кеңес 2009 жылдың қазанында Әзербайжанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын.