Назарбаев көшелері мен әуежай аты ауыса ма?

19 Қыркүйек 2022, 18:24
4484
Бөлісу:
Назарбаев көшелері мен әуежай аты ауыса ма?

Журналистердің бұл сауалына «Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде ҚР Әділет министрлігінің заңнамалық қызметіне түсініктемелер» атты Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конференциясында Әділет министрі Қанат Мусин жауап берді деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Елорданың аты Нұр-Сұлтаннан Астанаға қайта ауысқаны белгілі. Заңнамада Астананың аты ғана ауысады, ал Назарбаевтың атымен аталған басқа нысандар сол күйінде қалатыны айтылған. Министр тұңғыш президент атымен аталған қандай нысандар барын айтып, бұл мәселе Парламентпен де, Конституциямен де шешілмейтінін айтты. 

Тұңғыш президент атымен аталған әрбір облыстық орталықта көшелер бар, Назарбаев университеті бар, Халықаралық әуежайға да тұңғыш президент аты берілген. Бұл мәселелер Парламентпен де, Конституциямен де шешілмейді. Бұл мәселені сол атауды берген органдар шешуі керек, - деді министр.

Баспасөз конференциясында 2006 жылы 6 қаңтарда Мемлекеттік рәміздер туралы жарлыққа тиісті түзетулер енгізіліп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимні бекітілгені де назардан тыс қалмады. Сол кезде жаңа гимн мәтіні өзгертіліп, авторлар қатарына Н.Назарбаев есімі де қосылды. Осы орайда, журналистер тарапынан Назарбаев есімі авторлар қатарында қалу-қалмауы нақтыланды.   

Бұл сауалға министр «Мемлекеттік рәміздер туралы заңды өзгерту қаралып жатқан жоқ» деп жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы