Назарбаев ҚХА-ның шетелдік достар клубын құруды ұсынды

29 Сәуір 2019, 17:29
2685
Бөлісу:
Назарбаев ҚХА-ның шетелдік достар клубын құруды ұсынды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарабев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында шетелдік инвесторларды тартуға әсер ету мақсатында Ассамблеяның шетелдік достар клубын құруды ұсынды. 

«Мемлекет деңгейінде шетелдік инвесторларды тартумен бүгінде Сыртқы істер министрлігі айналысады және соған жүктелген. Бірнеше елшілікте қазақстандық жобалар мен тауарларды ілгерілетуге арналған алаңдар құрылды. Бірақ Қазақстан халқы Ассамблеясының өз мүдделері мен мүмкіндіктері бар. Ассамблея кәсіпкерелері мен құрылысшылары шет мемлекеттермен екіжақты барлық іскерлік кеңестерге қосылуы тиіс. Қоғамдастық қызметі сапалы жаңа деңгейге көтеріліп, оның құрамын бизнес-қоғамдастықтың жетекші өкілдерімен толтыру қажет. Осы мақсатта Іскерлік байланыстарды дамытуға, елімізге инвестициялар тартуға әсер ететін Ассамблеяның шетелдік достары клубын құруға да болады», - деп айтты Елбасы.

Айта кестек, бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік пен келісім сарайында «Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғырту» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтті.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс туралы сөз қозғап, оның бейбіт шешілгенін қалайтынын жеткізді.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына белсене қатысуға шақырды. 

Өзгелердің жаңалығы