Назарбаев Көлгіновтың мансабы туралы айтты

21 Тамыз 2019, 13:12
1493
Бөлісу:
Назарбаев Көлгіновтың мансабы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының арасында жастар көп болуы тиіс екендігін айтты. Ол "Болашақ" түлегі  Алтай Көлгіновты мысалға келтіріп, кезінде жас маман ретінде қызметке қойғанын, ал енді ол Нұр-Сұлтан әкімі болғанын айтты, деп жазды NUR.KZ.

"10 мыңнан астам адамды біріктіретін "Болашақтың" әлеуеті жоғары. Оларды мемлекет өз есебінен оқытты, қәзір де көп ата-ана балаларын осы бағдарлама бойынша оқуға жіберуде. Қазақстаннан тыс жерде 60 мың жас қазақстандық білім алуда, олар да еңбек етуге еліне қайта оралады. Ал олармен жұмыс істеу керек. Кезінде бір уақытта біз осы болашақтықтарды барлық облысқа, әкім орынбасарлары ретінде, аудандарға жұмыс істеуге жібердік. Олардың барлығы қазір дайын маман, ал қазір бұл үрдіс неліктен тоқтап тұр", - деді Назарбаев.

Елбасы "Болашақ" түлегі Көлгіновты кезінде Орал әкімі етіп арнайы жібергенін айтты.

"Қазір ол өсті және мұндай мысалдар өте көп. Жақсы жұмыс істейтінін көріп отырмыз. Біз оларды не үшін дайындадық? Біз жылы орнымызды бергіміз келмейді. Олай болса, біз дамымай, тоқтап қаламыз", - деді Елбасы.

Өзгелердің жаңалығы