Назарбаев: Экология мәселелері ел мен партия үшін ең басым мәселелердің біріне айналуы тиіс

23 Қараша 2021, 18:30
1720
Бөлісу:
Назарбаев: Экология мәселелері ел мен партия үшін ең басым мәселелердің біріне айналуы тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтты.

Елбасының отырыстағы сөзі партияның ресми сайтында жарияланды.

Қазақстан өз Тәуелсіздігінің төртінші он жылдығына қадам басып келеді. Бұл үлкен өзгерістер, қиын және тағдырлы шешімдер дәуірі. Қазір біз коронавирус індетін ауыздықтаудың сәтсіздігін көріп отырмыз. Табиғи өзгерістер, соның ішінде ақпараттық технологиялар мен жасыл энергияны жедел енгізу есебінен орын алуда. Адамның өзі, оның санасы мен құндылықтары, дүние, болашақ туралы ойлары да өзгереді, - деді Елбасы.

Назарбаев жақында адамзат бірқатар күрделі сынаққа тап болатыны қазірдің өзінде белгілі екенін айтты.

Біріншіден, жаңа індетпен күресу күнделікті шындыққа айналады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазірдің өзінде халықаралық қауымдастықты жаңа вирустарға дайындықты бастауға шақыруда. Екіншіден, экологиялық проблемалардың жағымсыз салдары – жаһандық жылынудың көбеюі. БҰҰ болжамдары бойынша, климаттың өзгеруі адамзат үшін жаңа сынаққа айналады. Аномалды жылу бізде малдың қырылуына, жем-шөптің жетіспеуіне, егіннің азаюына әкелді. Қазақстан үшін басты тақырып - су ресурстарының сарқылуы, - деп айтты Елбасы Назарбаев партияның кеңейтілген отырысында.

Тұңғыш Президенттің сөзінше, экология мәселелері ел мен Nur Otan партиясы үшін ең басым мәселелердің біріне айналуға тиіс.


Өзгелердің жаңалығы