Назарбаев әуежайы Халықаралық әуежайлар кеңесінің мүшесі атанды

15 Ақпан 2019, 11:49
2624
Бөлісу:
Назарбаев әуежайы Халықаралық әуежайлар кеңесінің мүшесі атанды

Астана, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Халықаралық әуежайлар кеңесінің мүшесі атанды. Бұл жайлы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасында жарияланды.

"Халықаралық әуежайлар кеңесі (Airports Council International; ACI) - бұл әуежайлардың әлемдегі жалғыз жаһандық сауда өкілдігі. Бұл кеңеске қатысу Астана әуежайына бұл саладағы үздік әлемдік тәжірибені қабылдауға, қызмет көрсеткіштерін орташа салалық әлемдік көрсеткіштермен салыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әуежайдың барынша тиімді қызметті қамтамасыз ету үшін кәсіби мүддесін білдіруге және оны қорғауға ықпал етеді. ACI әуежай саясатындағы маңызды өзгерістер процесі барысында әуежайлардың мүдделерін қорғап, қолдау білдіреді" - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуежайларды дамыту саясатын жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанның 15 әуежайы ИКАО санатын алған. 2020 жылы еліміздегі барлық әуежайдың ұшу-қону жолағы жаңғыртылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы