Назарбаев әлемдік өкінішін айтты

6 Желтоқсан 2021, 12:50
1805
Бөлісу:
Назарбаев әлемдік өкінішін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының мінбесінде айтқан ұсынысы сол кезде қабылданғанында, пандемия кезінде кедей мемлекеттер бұлай зардап шекпейтін еді, деп өкінішін айтты. 

Жақында Нобель сыйлығының түрлі ғылым саласындағы лауреаттарының үлкен бір шоғыры «Біздің ғаламшар, біздің болашағымыз» саммитінің қорытындысы бойынша әлем мемлекеттеріне үндеу жасап, пандемия адамзат дамуына Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен апат болып енгендігін атап көрсетіп, онымен бүкіл дүние жүзі бірлесе күресуі керектігін алға тартты. Олар: «Егер осы бесжылдықта трансформациялық шаралар қабылданбаса, адамзаттың болашағына ауыр қатер төнетін болады... Қоғамның ең кедей және маргиналданған топтары мейлінше әлсіз жіктер күйінде қала береді, – деді. Бұл менің осыдан тура 30 жылдай бұрын, 1992 жылдың 5 қазанында, Біріккен Ұлттар Ұйымының мінбесінен айтқан ұсыныстарыммен астасып жатыр, - делінген «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында.

Н. Назарбаев сол кезде-ақ әлемде төтенше апаттарға қарсы күресудің халықаралық қорын жасауды ұсынған. Оның айтуынша, ол ұсынысының негізгі идеясы - БҰҰ-ның бітімгершілік күштерін құру. 

Біз сол кезеңнің өзінде әлемнің ең бай мемлекеттерінің әскери-соғыс мақсатына қарастыратын шығындарының 1%-ын бөлу арқылы адамзатқа айтып келмейтін, төтенше апаттарға қарсы күресудің халықаралық қорын жасауды ұсынған едік. Әңгіме ол кезде БҰҰ-ның бітімгершілік күштері туралы болған еді, бірақ, біріншіден, маңыздысы идея және ұжымдық әрекеттестіктің тетігі болатын, екіншіден, түрлі елдерде тәулік сайын жүздеген-мыңдаған адамды баудай түсіріп жатқан пандемияның соғыстан несі кем? Егер дәл сол кезде мен ұсынғандай қор жасалған болса, қазіргі пандемия жағдайында кедей мемлекеттерге коронавируспен күресуге және оның зиянды зардаптарын жоюға бағытталған шараларды ұйымдастыруға мол мүмкіндік туған болар еді, - дейді Елбасы.  

Тұңғыш Президент мақаласында коронавирус пандемиясы жер-жаһанды шарпып,  еңбек нарығына да өзгеріс әкелгенін атап өтті. 

Пандемия әлемді жаңа күшке, жетекші тенденциялар мен алдағы қауіп-қатерлерге негізделген жаңа геосаяси трансформацияға бастады. Тұтқиылдан келген індетке қарсы күресте жұртқа ақпарат пен сандық жүйеге негізделген жаңа технология көмек қолын созды. Бұл еңбек нарығына айтарлықтай жаңа өзгерістер әкелді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы