Найзағай мен жаңбыр: ертеңге дауылды ескерту жарияланды

22 Наурыз 2025, 23:24
1537
Бөлісу:
Найзағай мен жаңбыр: ертеңге дауылды ескерту жарияланды
Фото: архив

Ертең еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

"Қазгидромет" мәліметіне сәйкес, Астанада көктайғақ күтіледі.

Ал Шымкентте синоптиктердің болжамы бойынша күндіз найзағай болуы мүмкін.

Ақмола облысының батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан және батыстан соғатын жел күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с дейін күшейеді. Көкшетауда да көктайғақ болжанып отыр, желдің бағыты – солтүстік-батыс, батыс, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында күндіз найзағай болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, таулы өңірлер мен облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Қонаев қаласында солтүстік-батыстан соғатын желдің күндізгі жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Абай облысының оңтүстігінде жауын-шашын күтіледі, негізінен жаңбыр, кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал. Өңірдің шығысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с дейін жетуі мүмкін.

Атырау облысының оңтүстік бөлігінде жаңбыр жауады. Атырау қаласында кей уақытта жаңбыр күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысында түнде батысында, солтүстігінде және таулы аймақтарында, ал күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы өңірлерінде жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігі мен таулы аймақтарында найзағай ойнауы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан соғады, ал оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Тараз қаласында күндіз жаңбыр мен найзағай болжануда.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел күтіледі. Облыстың шығысы мен таулы аймақтарында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін, ал Алакөл көлдері маңында кей уақытта 23-28 м/с дейін күшеюі ықтимал.

Қарағанды облысының оңтүстігінде түнде және таңертең жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ және боран күтіледі. Облыстың оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, солтүстік пен шығыста екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Қостанай қаласында да батыс, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының шығысында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Облыстың солтүстігі мен орталығында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. Қызылорда қаласында да солтүстік-шығыс желі соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Маңғыстау облысының батысы, оңтүстігі және орталығында қатты жаңбыр күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында таңертең және күндіз боран мен көктайғақ болжануда. Облыстың оңтүстігінде түнде тұман түсуі мүмкін. Жел батыстан соғады, күндіз солтүстік пен шығыста екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауады. Сонымен қатар бұл аймақтарда боран мен көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде батыста, солтүстікте және шығыста екпіні 15-20 м/с, ал күндіз солтүстік пен шығыста 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін. Петропавл қаласында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 25 м/с дейін күшеюі ықтимал.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікте, батыста және таулы аймақтарда күндіз 15-20 м/с дейін күшейеді. Түркістан қаласында таңертең және күндіз найзағай күтіледі, желдің екпіні күндіз 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Ұлытау облысының оңтүстігінде түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Облыстың солтүстігінде түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігі мен орталығында екпіні 15 м/с дейін жетуі ықтимал. Жезқазғанда да солтүстік-шығыс желі соғып, күндіз екпіні 15 м/с дейін күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы