Найзағай, бұршақ: синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады

31 Тамыз 2023, 08:01
784
Бөлісу:
Найзағай, бұршақ: синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: Архив BAQ.KZ

«Қазгидромет» РМК 31 тамыз - 2 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, ауа температурасы одан әрі төмендейді. Әсіресе, ауа температурасының төмендегені республиканың солтүстігінде байқалады. Тек Қазақстанның батысында жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Сонымен қатар ауа температурасы күндіз 25-30 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі.

Өзгелердің жаңалығы