Найзағай, бұршақ: 6 маусымға арналған ауа райы болжамы

6 Маусым 2024, 01:13
795
Бөлісу:
Найзағай, бұршақ: 6 маусымға арналған ауа райы болжамы
Фото: BAQ.KZ архив

6 маусымда ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, найзағай ойнап, аздап жаңбыр жауады. Ал күндіз батыс, солтүстік өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде, шығысында тұман болуы ықтимал.

Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Қарағанды және Абай облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Түркістан облысының шөлейтті аудандарында, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы