Наурызнама: "Тазару күні" елдің барлық аймағында эко-акция өтеді

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді.

 Экология және табиғи ресурстар министрлігі Бүгiн 2026, 15:26
Бүгiн 2026, 15:26
160
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

23 наурызында «Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясы аясында, еліміздің барлық аймақтарында Наурызнама шеңберінде «Тазару күніне» орайластырылған аумақтарды тазарту бойынша эко-акция өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Тазару күні» - бұл қоғам табиғи жерлер мен қоғамдық аумақтарды қоқыстардан тазартуға күш салатын күн. Бұл қоршаған ортаны таза етудің жолы ғана емес, сонымен қатар табиғатқа қамқорлық пен экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетеді.

Тазару күнінде «Мөлдір бұлақ», «Таза өлке», су айдындарын тазалау және ағаш отырғызу шаралары өткізіледі. Біз барлық азаматтарды белсенді қатысуға және таза қоршаған орта үшін күреске өз үлестерін қосуға шақырамыз, - деп атап өтті министрліктен.

Наверх