Атырауда «Шаңырақ күнінде» жас аналарға құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, наурызнама онкүндігі аясында 17 наурыз – отбасы құндылықтарын, бірлік пен ұрпақтар сабақтастығын білдіретін «Шаңырақ күні» мерекесінде Атырауда сәбилі болған жас аналарға құрмет көрсетілді.
Жас аналарға облыс басшылығының атынан гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталды.
Мерекелік іс-шарада музыкалық қойылымдар қойылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Осындай іс-шаралар еліміздің басқа өңірлерінде де өтті.