Наурыздың экономикалық және идеологиялық жағын қалыптастыру керек – мәдениеттанушы

15 Наурыз 2024, 13:17
1757
Бөлісу:
Наурыздың экономикалық және идеологиялық жағын қалыптастыру керек – мәдениеттанушы
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Жер бетіндегі тіршілік атаулы жаңаратын бұл кезеңді халқымыз «Амал мерекесі», «Көрісу күні» немесе «Қауышу күні» деп атайды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жыл сайын наурыздың орта тұсын халқымыз «Амал келді – Жыл келді!» деп бір-бірін құттықтап, бір дастарханда дәм татып, төс қағыстырып, ескі жылдан жаңа жылға аман-есен жеткеніне қуанған. Сыры да, қыры да, тылсымы көп мереке Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурызға жалғасып, той-думан бірнеше аптаға дейін созылатын-мыс.

Тарихы б.з.д. 5000 жылдар шамасында басталған бұл мейрамға байланысты аңыз-әңгіме әсте таусыла қоймас. Осы мерекеге орай «Мінбердің» мерекелік шығарылымына мәдениеттанушы – Абылайхан Қалназаровты арнайы шақырдық.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы