Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Наурыз мейрамын 10 күн атап өту тұжырымдамасын бекіткен болатын.
Жобасы аясында Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» мекемесінің тәрбиешілері «Тарихқа тағзым күні» тарихи мұражайы атанған - «Ғылым ордасы» мұражайына оқушылар мен студенттерді апарып, саяхат жасады.
Саяхат барысында оқушылар Қазақстан тарихымен және мұражайда орналасқан көне жәдігерлермен танысып қайтты.
Наурызды тойлаудағы он күндік жобада ерекше назар аударатын күн - «Тарихқа тағзым күні» күні. Себебі халқымыздың тарихын, ескі жәдігерлерін, дәстүрін, салтына терең мән бермей өсетін ұрпақтың болашағы - бұлыңғыр. Қазақстандықтар үшін киіз үй, қазақша көйлек киген қыз-келіншектер, күрес, қой көтеру, алтыбақан, ұлттық ойын түрлері - жылдағы мейрамның үйреншікті көріністері. Еліміздің қай өңіріне барсаңыз да, мерекелеу дәстүрі осындай. Ал қазағымыздың - шығу тегі мен тарихын болашақ ұрпаққа үнемі жаңартып, заманға сай, жаңа талаптармен маңызды етіп көрсету, нұр үстіне нұр болары сөзсіз, - деді интернат тәрбиешілері.
Олардың айтуынша, «Тарихқа тағзым күні» мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тамырлас. Өйткені тарихи сананы дұрыс қалыптастырмай, болашақты бағдарлау қиын. Сондықтан аталған мейрамды атап өту – маңызды.
«Тарихқа тағзым күні» мeктeпке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың caнacынa ұлттық құндылықтapды ciңipу, оларды ұлттық pухпeн тәpбиeлеу, сонымен қатар төл тарихын білуіне, eлiнe, жеріне дeгeн cүйicпeншiлікті apттыру мақсатында аймақтағы ұлттық, тapихи, өлкетану, өнер және әcкepи музeйлepгe апару маңызы өте зор. Себебі біз ертеңгі күні елге иелік ететін жастарды рухы мықты етіп тәрбиелеуіміз қажет. Тарихты тануға, салт-дәстүрді, баба тілімізді құрметтеуге, төл тамырынан ажырамайтын өресі мықты етіп өсіруіміз керек. «Тарихқа тағзым күнінің» осындай үлкен мақсаты бар, - деп атап өтті мекеме қызметкерлері.