Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық жағдай және медициналық ұйымдардың коронавирустық инфекциямен күресуге дайындығы барысы туралы ОКҚ-де өтіп жатқан брифингте Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.
Осы мерекелік аптада науқастармен байланыста болып, вирус жұқтырғандар саны 10%-ға өсті. Орташа есеппен алғанда аптасына 500 адамға дейін ауырған болса, қазіргі уақытта байланыста болғандар арасында 750-ге дейін науқас адам анықталды. Бұл қала тұрғындарының ұйымдастырылған ұжымдарда да, үй карантині режимінде де карантин іс-шараларын сақтамағанын көрсетеді, - деп айтты ол.
Сархат Бейсенова атап өткендей, қазіргі уақытта белсенді ошақтар саны 1 736, оның ішінде үй ошағы 1 081, 655 ұйымдастырылған. Онда 4 172 байланыста болған адам медициналық бақылауда.
Сондай-ақ қаланың бас санитарлық дәрігері ауру жұқтырғандардың жас ерекшеліктерін жіктеп, айтып берді.
Жас ерекшеліктері бойынша ауру жұқтырудың ең жоғары деңгейі ересектер арасында тіркеліп отыр. Олар жалпы сырқаттанушылықтың 78,3%-ын құрайды. Балалар арасында 19% және жасөспірімдер арасында 2,7%-ды құрайды. 30-39 жас аралығындағы ересектер инфекцияға барынша бейім. Олар ересектердің жалпы сырқаттанушылық құрылымында 30%-ын құрайды. Балалар арасында ең жоғары сырқаттанушылық 3-10 жас аралығындағыларда тіркелген. Оларға балалардың жалпы сырқаттанушылығының ішінде 50%-ы тиесілі, - деп түсіндірді Бейсенова брифингте.
Айта кетейік, елордада коронавируспен ауырғандар саны екі есеге өскен.