Науқастардың 44%-ы вирусты кәсіпорындарда жұқтырған – Алматы әкімдігі

9 Қараша 2020, 12:06
1328
Бөлісу:
Науқастардың 44%-ы вирусты кәсіпорындарда жұқтырған – Алматы әкімдігі
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалада вирус жұқтырғандар саны күрт өскенін мәлімдеді.

Әкім орынбасары қалада вирус жұқтыру жағдайы өскенін айта келе 65 жастан асқан адамдарды көшеге шықпауға шақырды.

Егде жастағы адамдар бұл індеттің ауыр түрімен сырқаттанады. Вирус жұқтырғандардың 33%-ы 65 жастан асқан адамдар болып отыр, сондықтан егде жастағылар арасында өлім жоғары. Бұл індетке қарсы дәрі мен вакцина әлі жоқ. Кейбір деректер бойынша вирус мутацияға ұшыраған, - дейді Ержан Бабақұмаров. 

Сонымен қатар ол вирус негізінен кәсіпорын жұмысшылары арасында кең тарап жатқанын жеткізді. Науқастардың 44 пайызы кәсіпорындар мен мекемеде жұқтырған.

Жұмыс орнында вирус жұқтыру жоғары болып тұр. Бұл жағдайда маска режимін ұстанып, жеке бастың қорғанышын сақтау керек. Оның тәсілдері барлық жерде жазылған. Оған қоса мекеме басшылары да санитарлы-эпидемиалогиялық талаптарды ұстанып, вирус жұқтырған қызметкерлерін жұмысқа жібермеулері керек, - дейді ол. 

Ержан Бабақұмаровтың айтуынша, науқастардың 18%-ы вирусты үйдің кіреберісінде жұқтырған. Сол себепті ПИК әр үйдің кіреберісіне дезинфекция жасауы қажет.

 

Бұл жұмыстар вирус жұқтырмас үшін қажет. Қазіргі таңда вирус жұқтырғандардың 18 пайызы үйдің кіреберісі мен лифтіде жұқтырғаны анықталды. Есік тұтқалары мен қоршауларды күнде өңдеп отыру керек. Егде жастағылар мен балаларға сақтанып, санитарлық-гигиеналық режимді ұстанған жөн, - деді Бабақұмаров. 


 

Өзгелердің жаңалығы