Науқастар саны артса, карантин қатаңдатылады – Бас санитарлық дәрігер

12 Маусым 2020, 13:34
2779
Бөлісу:
Науқастар саны артса, карантин қатаңдатылады – Бас санитарлық дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Науқастардың саны артса, карантин шаралары қатаңдатылады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да баспасөз конференциясында Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева айтты.

Қабылданған карантин мен шектеу шараларына қарамастан, коронавирус инфекциясы әлі де тіркелуде. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу үшін, барлық азаматтарды, қаламыздың қонақтарын адам көп жиналатын жерлерге бармауға, қалада бекітілген карантин режимін сақтауға, коронавирус пандемиясы кезінде өзінің және өзгенің өміріне қауіп-қатер төндірмеуге шақырамын. Сонымен қатар, барлық ұйым басшылары карантин режимін қатал сақтап, санитарлық нормаларды орындауды талап етемін, - деді ол.
Жанна Пралина бас санитарлық дәрігер ретінде  науқастардың көбеюі жағдайында қаладағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын қатаңдатуға мәжбүр екенін айтты. 
Бұл жағдайға сіздердің немқұрайды қарауларыңыз бізге елордадағы  эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға  мүмкіндік бермей отыр. Соның салдарынан қалыпты өмір сүру жағдайына орала алмай отырмыз. Мен тағы да тұрғындарды бір мәрте ойланып, осындай күрделі кезеңде мемлекет пен бізге вирусты жеңуге ықпал жасауға жәремдесуге шақырамын. Қаладағы карантин режимінде адам көп жиналатын орындарға бармауларыңызды сұраймын, - деді Жанна Пралиева.

Өзгелердің жаңалығы