НАТО Грузияда ауқымды әскери жаттығу өткізбек

24 Қаңтар 2019, 16:32
4421
Бөлісу:
НАТО Грузияда ауқымды әскери жаттығу өткізбек

Алматы, BAQ.KZ. Грузияда өтетін әскери жаттығуға Солтүстік атлант альянсы құрамындағы 17 елдің сарбасзадры қатыспақ. 

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг, 17 елдің өкілдері қатысатын Грузиядағы әскери жаттығу 2019 жылдың наурызына белгіленгенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, біріккен жаттығулардың мақсаты – күшердің біріге отырып жедел іс-әрекет етуін арттыру. Сондай-ақ Грузияның аталған альянспен ынтымақтастығын нығайта түсу болмақ.

НАТО бас хатшысы бұл жаттығуға қанша әскери техника мен адам қатысатыны жөнінде әзірге нақты мәлімет таратпады. Алайда осы жаттығу аясында Йенс Столтенбергтің Грузияға келетіні айтылған.

Өзгелердің жаңалығы