НАТО-ға нобель бұйыра ма?

11 Ақпан 2020, 22:59
2045
Бөлісу:
НАТО-ға нобель бұйыра ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Норвег Парламенті — Стортингтің билеуші Консервативті партиядан шыққан депутаттары Эрленд Ларсен пен Хорек Эльвенес БАҚ-қа 2020 жылы НАТО-ның әскери-саяси блогын Нобель сыйлығына үміткер ретінде ұсынғанын мәлім етті.

ҚазАқпарат ХАА-ның хабарлауынша, 2019 жылы НАТО-ның құрылғанына 75 жыл толады. Бұл Батыс Еуропаның қазіргі тарихындағы ең ұзақ кезең және Солтүстік Атлант Альянсы осы жылдар бойы Еуропада бейбітшілікті қамтамасыз етіп келеді. 

Нобельдің Бейбітшілік Комитетінің ережелеріне сәйкес, НАТО-ға кандидатура биылғы жылға өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 31 қаңтарға дейін ұсынылады. 

Еске сала кетейік, Норвегия – 1949 жылы құрылған сәттен бастап Альянсқа кірген он екі елдің бірі. Бүгінгі таңда НАТО-ға Еуропа мен Солтүстік Америкадан 29 ел кіреді, ал Альянстың бас хатшысы — 2014 жылдан бастап белгілі норвег саясаткері, бұрынғы премьер-министр Йенс Столтенберг.

Өзгелердің жаңалығы