«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен республика көлемінде мектеп басшыларымен, психологтары және мектеп педагогтеріне нарколог-дәрігер Трубникова Анна Александровна «Нашақорлықтың алдын алу:салауатты қоғамды қалыптастырудыңнегізгі стратегиялары» мәселесі жөнінде ақпарат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі таңда қоғамды жайлаған, нашақорлық дерті әрбір отбасына қасірет екені жасырын емес. Психолог және нарколог-дәрігерлер «Нашақорлық дерті» отбасындағы баланың психо-эмоционалды дамуына кері әсер ететінін тілге тиек етуде. Қоғам үшін бала тәрбиесі маңызды. Психологтар – бақылау және байқау эксперименті бойынша, мектепте баланың жүріс-тұрысына, психологиялық күйінің өзгеруіне аса мән берілуі тиіс. «Әрбір бала мен жасөспірім өз ортасында қолдау сезінуі, қауіп-қатерге ұшыраған кезде көмек алуы тиіс. Жастардың денсаулығын сақтау мақсатында ата-аналар да белсенді түрде білім алу, балаларының психоэмоционалды жағдайына көңіл бөлуі керек. Ата-аналар мен педагогтер баламен ашық әңгімелесу, оның қызығушылықтарын тыңдау арқылы оларды қиындықтармен күресуге үйретуі тиіс», – дейді дәрігер нарколог – Трубникова Анна Александровна.
Ресми емес сандық және сапалық көрсеткіштеріне жүгінсек, бүгінгі таңда елімізде нашаға тәуелді ерлердің 91%-ы (16 817 адам), әйелдер 9%-ы (1512 адам), ал 18-29 жас 15%-ы (2734 адам) екені белгілі.
Нарколог-дәрігері Трубникова Анна Александровна Нашақорлықтың факторлары мен келеңсіздік тудыруына аса назар аударуда.
Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында, синтетикалық заттарды «қызық үшін» тұтынып көретіндер де бар.
Әлеуметтік факторларына тоқталатын болсақ, қылық әрекетіне жүгінуінің басты белгісі – баланың оқу-үлгерімінің төмендеуі физикалық өзгерістерге де ұшырайды және тәуелділік қауіпін арттырады.
Психологиялық келеңсіздікке ұшырауы: қорқыныш, үрей, күйзеліске ұшырау және өзін төмен бағалап өмірден түңілу, өзіне қол жұмсау салдары.
Биологиялық факторлары: Тәуелділікке тап болуы тұқым қуалаушылық болуы мүмкін.
Қорыта айтқанда, отбасы тәрбиесіндегі баланы қолдауымен мейірім-шапағатының жетіспеуі салдарынан бала жалғыздықты сезініп күйзеліске түседі. Мұндай жағдайдан өзіне жұбаныш ретінде нашақорлықты қолдануына алып келеді.. Мысалы, нашақорлардың көз қарашығы кеңейіп немесе тарыла түседі, тез салмақ жоғалтуын ескереді.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың денсаулығын сақтау мақсатында ата-аналар да белсенді түрде білім алу, балаларының психоэмоционалды жағдайына көңіл бөлуі керек. Ата-аналар мен педагогтер баламен ашық әңгімелесу, оның қызығушылықтарын тыңдау арқылы оларды қиындықтармен күресуге үйретуі тиіс», – дейді психолог.
Нашақорлықтың алдын алудың тиімді жолдарының бірі – жастарға қауіптің нақты салдарын түсіндіру, ата-ана жауапкершілігін міндеттеу. Бірлескен күш-жігер мен ұзақ мерзімді жұмыс қажет етеді.
Ата-аналарға айтарым, болмысы иманға толы, Отаны мен елін, отбасын сүйетін азамат тәрбиелеу басты мақсатымыз екенін ұмытпайық!